23 медаль: Аян Бейсенбаев триатлоннан Азия ойындарында қола жүлдегер атанды

Сурет: ҰОК
Қазақстан спортшысы Аян Бейсенбаев триатлоннан Ханчжоудағы 2022 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алып, Қазақстан қазынасын толықтырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰОК мәліметінше, Аян Бейсенбаев 1500 метр қашықты жүзіп, 40 шақырымды велоспортпен және 10 шақырымды жүгіріп 1 сағат 52 минут 25 минутта бағындырды.

Бірінші болып жапониялық Кэндзи Ненер шықты – 1:50:54. «Күміс» жапониялық Макото Одакураға бұйырды – 1:51:49.

Тағы бір спортшымыз Темірлан Теміров жарысты алтыншы орынмен аяқтады.

Бұған дейін Қазақстан жүзушісі Әділбек Мусин ақтық 50 метрлік баттерфляй жарысында бақ сынағаны хабарланған еді. Мусин 23,44 секунд көрсеткішпен үшінші болып мәреге жетті.

Қазақстан құрамасының қоржынында 23 медаль бар: 3 алтын, 3 күміс және 17 қола.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Өлі адамнан ақша жасау". Экономист медицина саласындағы кезекті былықтың бетін ашты

Шакира концерт беру үшін Орталық Азияға алғаш рет ат басын тіреді

Алматы тауларынан қауіпті зат табылды

Зейнетақы жинағын жеке басқарушы компанияға сеніп тапсыру: бұл ретте ел азаматтары не білуі керек

Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады