Мейіржан Шермаханбет Азиадада грек-рим күресінен күміс жүлдеге ие болды

Сурет: Instagram/shermakhanbet_m
Мейіржан Шермаханбет Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында грек-рим күресінен күміс медаль ұтып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны финалда былтырғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Кацуаки Эндодан (Жапония) жеңіліп қалды. Есеп 3-4.

Бұл салмақтағы екі қола Сайед Даниал Сохраби мен Раззак Бейшекеевтің (Қырғызстан) еншісінде кетті.

Мейіржан (67 кг) таңертең бозкілем төрінде 1/8 айналымда Наттапонг Хинмиді (Таиланд) сосын, жарыс қожайыны Лэй Лиді, жартылай финалда жастар арасындағы әлем чемпионы Сайед Даниал Сохрабиді (Иран) таза жеңді.

Мейіржан Шермаханбет жарақатына байланысты жылдың басындағы ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасына қатысқан жоқ. Жазда Дортмунд қаласында өткен Германия Гран-приінде қола жүлдеге қол жеткізді.


Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс