Азиада-2022: Қазақстан құрамасы қоржынында 50 медаль бар

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны 50 медальмен толықты. Бүгін грек-рим стиліндегі балуандарымыз жүлде қорына өз үлестерін қосып, бір күміс және бір қола медаль әкелді. Сондай-ақ, боксшы Наталья Богданова да "қоладан" алқа тақты, деп хабарлайды Zakon.kz.

4 қазанда Қазақстан құрамасының алтыншы алтын медалын алу мүмкіндігі грек-рим стиліндегі палуан Мейіржан Шермаханбеттің еншісіне бұйырды. Алайда 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда біздің отандасымыз тартысқа толы бәсекеде жапондық Катсуаки Эндодан есе жіберді. Мейржан финалдағы жекпе-жек бастала салысымен, жарақат алып қалды.

Одан кейін грек-рим күресінен Азат Садықов (77 кг) Ханчжоуда Азиаданың қола медалін жеңіп алды. Оның үшінші орын үшін қарсыласы Камбоджадан келген Сопхак Кео болуы керек еді. Алайда ол жарақатына байланысты кілемге шықпағандықтан жеңіс Азатқа бұйырды.

Өкінішке қарай, үшінші орын үшін таласта қазақстандық балуандар Айдос Сұлтанғали (60 кг-ға дейін) мен Мақсат Сайлау (87 кг-ға дейін) қарсыластарына жол беріп алды.

Бокстан 66 келідегі Наталья Богданова жартылай финалдық жекпе-жекте әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері Жанжаем Суваннафенгке жол беріп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. 

Сонымен қатар, бокстан Қазақстан құрамасында екі финалист бар: Қамшыбек Қонқабаев (92 келіден жоғары) және Карина Ибрагимова (57 келі).

Осы уақытта қазақстандық спортшылардың активінде Азиаданың 50 медалі бар: бес алтын, 11 күміс және 34 қола.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі