Теннистен әлем чемпионатына Қазақстан әйелдер құрамасынан кімдер қатысатыны белгілі болды

Сурет: ktf.kz
Қазақстан әйелдер құрамасынан Billie Jean King Cup командалық әлем чемпионатына кімдер қатысатыны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ярослава Шведова бастаған жаттықтырушылар штабы келесі ойыншыларды таңдап алды: Елена Рыбакина (WTA жекелей рейтингінде 5-орын), Юлия Путинцева (WTA-ның жекелей рейтингінде 68-орын), Анна Данилина (WTA жұптық рейтингінде 32-орын), Жібек Құламбаева (WTA жұптық рейтингінде 154-орын) және Аружан Сағандықова (WTA жекелей рейтингінде 743-орын).

Қазақстан құрамасы В тобына түсті, онда Словения және Аустралия құрамаларымен ойнайды. Аустралиялықтар былтырғы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған, жалпы алғанда олар өз тарихында 7 рет үздік атанды.

2023 жылғы Billie Jean King Cup финалы 7-12 қараша аралығында Севильяда (Испания) өтеді. Әлем чемпионатына Қазақстаннан басқа тағы 11 команда қатысады: Швейцария (2022 жылғы Билли Жин Кинг кубогының жеңімпазы), Аустралия, Франция, Канада, Чехия, Италия, АҚШ, Испания, Словения, Германия және Польша (уайлд-кард иегері).

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін