Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанды

Сурет: instagram.com/janibek_alimkhanuly
Розенбергте (АҚШ, Техас) орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен IBF белбеуінің иегері, неміс боксшысы Винченцо Гуальтиери арасындағы жекпе-жек аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекті белсенді бастады, бірақ Винченцо Гуальтиери сақтық тактикасын ұстанып, қарсы шабуылға шығуға тырысты.

Үшінші раундта Әлімханұлы шабуылды үдете түсті, ал төртінші раундта қазақстандықтың бір соққысынан кейін Гуальтиери құлап қала жаздады, бірақ қарсы шабуылға шығуға да ерік-жігері жетті.

Әлімханұлы жекпе-жектің бесінші "сериясында" оң жақ тік және сол жақ апперкоттан тамаша комбинация жасады.

Алтыншы раундта Жәнібек қарсыласының тас-талқанын шығарды, ал төреші жекпе-жекті тоқтатып, файтеріміздің техникалық нокаутпен жеңісін тіркеді.

Осылайша, Әлімханұлы Қазақстанның бокс тарихындағы біріккен жекпе-жектен кейін екі чемпиондық белбеудің иегері атанған екінші боксшы болып отыр. Жәнібектің еншісінде 15 жеңіс бар, ол оның 10-ын нокаутпен жеңген.

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектен кейін орта салмақтағы төрт белбеуді де жинағысы келетінін мәлімдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз