Нұрдәулет Жұмағали жүзуден Азия пара ойындараның екі дүркін чемпионы атанды

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Жерлесіміз Нұрдәулет Жұмағали Қытайда өтіп жатқан Азия пара ойындарында жүзуден Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтын жүлде салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, ол 200 м қашықтықты 2:16:74-де жүзіп өтіп, Азия пара ойындарының рекордын жаңартты.

"Нұрдәулетті осы жетістігімен құттықтаймын! Бүгін біздің чемпионымызға тең келетін ешкім болған жоқ. Оған еліміздің туы астында жеңіс жолын жалғастырып, отандастарын жарқын жеңістерімен қуантуын тілеймін!", – деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Қазақстан құрамасының қоржынында 8 алтын, 12 күміс және 21 қола жүлде бар.

2023 жылғы 27 қазан күні Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейітжан Азия пара ойындарында қола медаль жеңіп алды. 

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді