Сұлтан Әсетұлы Тиранадағы әлем чемпионатында алғашқы алтын медальді қоржынға салды

Сурет: United world wrestling
Сұлтан Әсетұлы Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақтың финалында Сұлтан түркиялық палуан Мұстафа Йылдырымның осал тұсып тапты. Аса тартысты өткен айқас 2-1 есебімен аяқталды.

Сұлтан – 23 жасқа дейінгі санатта əлем чемпионаты атанған тұңғыш қазақ балуаны.

Кеше Ұлттық құрама палуаны іріктеудегі шиеленісті белдесуде украиналық Олег Халиловтан басым түскен. Сосын, Стив Момилиа (Италия) мен Муслим Имадаевты (Ресей) жеңді. Жартылай финалда Әзірбайжан спортшысы Хасан Маммадлиді айқын басымдықпен тізе бүктірді (9-0).

Қазір Албаниядағы бәсекеде Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 күміс пен 2 қола жүлде бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады