Шахматшы Бибісара Асаубаева қытайлық әлем чемпионын жеңіп кетті

Сурет: fide.com
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Grand Swiss 2023 турнирінде қытайлық Тан Чжунъиді жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық шахматшы осы жеңісінен кейін 4,5/5 ұпай жинап, жарыста көш бастады. 

Ал Тан Чжунъи – әйелдер арасындағы он алтыншы әлем чемпионы.

"Мен турнир кестесіне мән бермеуге тырысамын, өз білгенімше ойнаймын. Алайда бүгінгі ойын ерекше болды. Оның бірнеше жүрісінен кейін жағдайым қиындайды деп ойлап ем. Сондықтан "Окей, осылай жүрсең, маған әрі қарай не болатынын көрсет" деп ойынымды жалғастыра бердім. Кейін жағдайым тәп-тәуір екенін ұқтым. Аз ғана уақыт қалғанда ғана ең үздік жүрісті іздеуге тырыстым", - деді Бибісара Асаубаева ойыннан кейін.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды