Қазақстандық жасөспірімдер теннистен әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Сурет: ktf.kz
Испанияның Кордоба қаласында Davis Cup Juniors Finals жарысының кезекті ойын күні аяқталды, онда Қазақстан құрамасы жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сергей Квак шәкірттері бір күн бұрын жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогының алты дүркін жеңімпазы Испанияны жеңген Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті.

Кортқа бірінші болып Заңғар Нұрланұлы (ITF Juniors рейтингінде 331-орын) шықты. Ол Ким Му Бинмен (ITF Juniors рейтингінде 285-орын) ойнады. Үш сағатқа жуық уақытқа созылған кездесу Ким Муның жеңісімен аяқталды - 6:4, 4:6, 6:7 (3:7).

Сурет: ktf.kz

Екінші ойында Әмір Омарханов (ITF Juniors рейтингі бойынша 99-орын) әлемдік жасөспірімдер рейтингіндегі 68-орында тұрған Хванг Дон Хенды 6:2, 6:2 есебімен жеңді.

Шешуші жұптық кездесуде тағы да қазақстандық жасөспірімдер жеңіске жетті. Дәмир Жалғасбай мен Әмір Омарханов 46 минутта Ким Му Бин мен Чон Ен Суды ұтты - 6:3, 6:2.

1 қарашада Қазақстан құрамасы Испаниямен ойнайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты