Садақ атудан 17 жасар отандасымыз Азия чемпионы атанды

Сурет: Instagram/tyutyun_andrey___1
Садақ атудан Қазақстан құрамасының өкілі Андрей Тютюн Бангкокта (Тайланд) өткен Азия чемпионатында алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысының тумасы, 17 жасар садақшы финалда Оңтүстік Корея өкілі Ким Джонходан басым түсті. Олар "блок түрінде садақ ату" бағдарламасында бақ сынап, 146:144 есебімен аяқталған сында отандасымызға сәттілік бұйырды. Андрей ауа райының қолайсыздығына қарамастан нысанаға дөп тиіп, Азия чемпионатының "алтынын" лайықты түрде жеңіп алды.

9 қарашада тағы қос отандасымыз финалда өнер көрсетті, сонымен қатар Виктория Лянның "қолаға" таласуға мүмкіндігі болды. Өкінішке қарай, Тайпей өкілі Хуанг Ай-Ю оның жолын кесе білді.

Шешуші жекпе-жекте блок түрінде садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Корея командасынан ұтылып, күміс медальды місе тұтты. 

Сондай-ақ, біздің ерлер классикалық садақ атуда екінші орынға ие болды, бұл жолы да Оңтүстік Кореяның садақшылары алтын медальды іліп әкетті. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі