Словакияда үстел теннисінен Қазақстанның жастар құрамасы үш жүлде еншіледі

Сурет: Талап Қойбағаров
Словакияның Сенец қаласында үстел теннисінен өткен WTT Youth Contender senec - 2023 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстан жастар құрамасының өкілдері үш санатта ерекшелене білді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үш санатта да біздің жас ракетка шеберлері қола медальмен марапатталды. Бірінші қола медальды құрама көшбасшысы, қарағандылық Алан Құрманғалиев иеленді, ол 17 жасқа дейінгі топта жүлдегер атанды. Содан кейін кеншілер қаласының тағы бір өкілі, 9 жасар Олег Яковлев 11 жасар қарсыласымен тамаша жекпе-жек өткізіп, жеңімпаздар тұғырына көтерілді. 

Сурет: Талап Қойбағаров

Көп ұзамай 16 жасар Алан Құрманғалиев тағы бір "қоланы" еншіледі. Эльмира Алиеваның шәкірті 19 жастағы теннисшілер арасында жақсы өнер көрсетіп, осы жарыстың екінші "қоласына" ие болды.

Алан бұл жарыста Франческа Каррераны (Испания), Матиас Колечарды (Чехия), Луис Марканоны (Чили), Ксавье Уоттс (Бельгия) бен Чжэнлун Люды (Австрия) сан соқтырды. 

Жартылай финалда оған кішкене ғана сәттілік жетіспеді, ол Ван Гуан-Чэннен (Тайбэй)  2:3 есебімен жеңілді.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятор 16 қазанда іске қосылады

Қазақстанда қандай отбасылар C, D және E санаттарына жатқызылады және олар 2027 жылы жәрдемақы ала ма

Алматы тауларынан қару мен оқ-дәрі табылды

Әл-ауқат санаттары калькуляторы алимент пен жәрдемақы түріндегі "табысты" есепке алады ма - министр жауабы