Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның 16 жасқа дейінгілер арасында қыздар құрамасы Испанияның Кордова қаласында өткен Billie Jean King Juniors Finals турнирінің қорытындысы бойынша үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл 16 жасқа дейінгілер арасындағы қыздар үшін алғашқы командалық әлем чемпионаты еді.

Қазақстандықтар алдымен В тобында үшінші орынға ие болды. Бастапқы матчта Аргентина құрамасын 2:1 есебімен ұтқанымен, Бразилия мен Ұлыбританияға жол берді. Қосымша жарыста Қазақстан құрамасы Алжирді айқын басымдылықпен тізе бүктірді – 3:0. Содан кейін Колумбия мен Латвияны 2:1 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлемнің үздік 16 командасының арасынан 9-орынға табан тіреді.

Дүниежүзілік додада ел намысын Полина Слепцова, Анастасия Крымкова және Іңкәр Дүйсебай қорғады. Команда капитаны – Марат Шәріпов.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты