Қазақстан құрамасы шешуші матчын өткізу үшін Люблянаға ұшып барды

Сурет: instagram.com/kff_team
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Словенияға қарсы Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі маңызды әрі шешуші матчын өткізу Словения астанасы Любляна қаласына ұшып барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан футбол федерациясы Instagram-дағы парақшасында команда ойыншыларының Люблянаға жеткен сәтінен суреттер жариялады.

Шешуші кездесу 20 қарашадан 21-іне қараған түні Астана уақытымен 01:45-те "Стожице" стадионында өтеді. Жеңіске жеткен жағдайда, ұлттық құрама өз тарихында алғаш рет футболдан Еуропа чемпионатына жолдама алады.

Мұның алдында Қазақстан құрамасы Сан-Марино командасын 3:1 есебімен ұтқан болатын. Словения алдыңғы кездесуде даниялықтардан 2:1 есебімен ұтылып, біздің құрамаға Еуропа чемпионатының жолдамасын сарапқа салуға мүмкіндік беріп отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме