Елена Рыбакина Брисбендегі WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты

Сурет: wtatennis.com
Елена Рыбакина Брисбендегі (Аустралия) турнирдің ширек финалына шықты. Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 30-ракеткасы, бельгиялық Элизе Мертенспен шеберлік байқасты, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Осыған дейін қарсыластар өзара төрт мәрте кездесіп, соның үшеуінде Елена Рыбакина жеңіске жеткен.

Мертенс оңай шағылатын жаңғақ емес, спорттық жолында үш рет жұптық сында "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы атанған тәжірибелі теннисші болатын.

Бұл жолы бірінші партияда қос брейк жасаған Рыбакина айқын басымдық танытты — 6:1. Қазақстандық спортшы екінші сетті де брейкпен бастады — 2:0. Тағы бір брейк — 3:0. Ақыры матч нүктесін өзі доп бергенде қойды — 6:0.

Елена Рыбакина доданың жартылай финалына шығу үшін рейтингіде 28-сатыдағы Анастасия Потаповамен (Ресей) таласады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті