Юлия Путинцева Хобартта адам айтса нанғысыз жеңіске қол жеткізді

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның екінші, әлемнің 64-ракеткасы Юлия Путинцева Хобарт (Аустралия) WTA 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 45-ракеткасы, италиялық Элизабетта Кочареттомен сынға түсті. Бірінші партияда италиялық спортшы бет қаратпады – 6:0. Кочаретто екінші сетте де 5:2 есебімен алда тұрып, матчқа доп берді. Дегенмен бұдан кейін Путинцева қатарынан бес геймді алды – 7:5. Үшінші, шешуші партияда есеп 5:4 болған мезетте италиялық теннисші тағы да матчқа доп бергенімен, Юлия қайыра брейк жасады. Ақыры ол тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:4).

Юлия Путинцева ширек финалына шығу үшін әлемнің 35, доданың 5-ракеткасы, чехиялық Мария Боузкова немесе рейтингіде 90-сатыдағы швейцариялық Виктория Голубичтің біреуімен кездеседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы