Бокстан Италиядағы лицензиялық турнирге кімдер барады

Сурет: olympic.kz
29 ақпан мен 12 наурыз аралығында Италияның Бусто-Арсицио аймағында бокстан лицензиялық турнир өтеді. Әр салмақта жартылай финалға шыққан боксшылар Париж Олимпиадасының жолдамасын қалтаға салады, деп хабарлады Zakon.kz.

Осы орайда, команданың бас бапкері Мырзағали Айтжанов лицензия сарапқа салынатын жарысқа кімдер қатысатынын айтты. 

"Олимпиадаға іріктеу турниріне елдегі соңғы Спартакиаданың жеңімпаздары қатысады. Алты боксшыны жарысқа қосамыз. Ал Азия ойындарында жолдама мәселесін шешіп қойған Қамшыбек Қоңқабаевты жаттығу жиынына жіберуді ойластырдық".  Мырзағали Айтжанов

Ал Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Азиз Қожамбетов тек қана 63,5 келіде таңдау болатынын жеткізді.  

"Бұл салмақта Ертуған Төренов пен Мұхаммедсабыр Базарбайұлының біреуі баруы мүмкін", - деді ол. 

Айта кетейік, бокстан Қазақстан командасының қоржынына Олимпиаданың бір жолдамасы бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты