Қазақстанның əйелдер құрамасы Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Джакартада өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Қазақстан əйелдер құрамасы винтовкамен аинтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуде күміс жүлдегер атанды.

Командалық сында Александра Ле, Елизавета Безрукова мен Арина Алтухова бақ сынады. Олардың нəтижесі 1754 ұпай. Үндістан құрамасы (1760 балл) топ жарса, үздік үштікті Оңтүстік Корея түйіндеді.


"Осы бағдарламада қазақстандық мергендер арасында ең көп ұпай жинаған (589 ұпай) Александра 7-орынға тұрақтап, Ұлттық құрамаға Париж ойындарының жолдамасын сыйлады. Сонымен қатар Никита Чирюкин жылдам оқ ататын тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде Олимпиада лицензиясына ие болды", - делінген ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарламасында.

Қазір Ұлттық құрама еншісінде 5 жолдама бар. Оларды Ислам Сатпаев, Арина Алтухова, Константин Малиновский, Александра Ле мен Никита Чирюкин жеңіп алды.

Индонезия астанасындағы Азия чемпионаты 18 қаңтарда аяқталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды