V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тизері жарияланды

Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Бүкіл әлем көз тіккен жарыс 2024 жылы 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтеді.

Қазақстанның Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, көшпенділер ойындарына 100-ден астам мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысады. Астанаға 100 мыңнан астам турист келеді.

Ат спорты, ұлттық күрес түрлері, садақ ату, жамбы ату, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, арқан тарту сынды ойынның 20 түрінен жарыс және ұлттық өнердің 10 түрінен арнайы көрсетілім сайысы өтеді.

Астанада арнайы "Көшпенділер әлемі" этноауылы құрылады. Бір күнде 30 мың келушіні қабылдайтын этноауылда Қазақстан мен әлем елдерінің үздік қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары, ақындар айтысы мен төл мәдениетімізді паш ететін қосымша іс-шаралар ұйымдастырылады.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұраны - "Ұлы Дала дүбірі".

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады