Қазақ боксшылары Венгриядағы турнирде бес алтын медаль жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Венгрияның Дебрецен қаласында бокстан Иштван Бочкай атындағы мемориал аяқталып, қазақстандық боксшылар бес алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан командасы сапынан Асхат Жүсіпов (48 келі), Асылжан Серікбай (57 келі), Бeйбарыс Жексен (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) және Ерасыл Жақпеков (80 келі) чемпион атанды. 

Асхат Жүсіпов финалда украиналық Андрей Тишковецті жеңсе, Асылжан Серікбай венгриялық Роланд Верештен басым түсті. 

Бейбарыс Жексен венгриялық Крузито Ковачты ұтса, Ертуған Зейнуллинов Ричард Ковачты тізе бүктірді. 

Ерасыл Жақпеков венгриялық Пал Ковачты жеңді. 

Күміс жүлдегерлер қатарында Даниял Сәбит (51 келі), Кенже Мұратұлы (54 келі), Сабыржан Аққалықов (71 келі) және Темірлан Мұқатаев (86 келі) бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты