Асылжан Арыстанбекова жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің ширек финалына шықты

Сурет: ktf.kz
Асылжан Арыстанбекова жасөспірімдер арасындағы Аустралия ашық чемпионатының жұптық сынында екінші айналымдағы кедергіні сәтті еңсерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші Асылжан Арыстанбекова Юлия Перапехинамен (Беларусь) бірге жарыстың бесінші ракеткалары болып тіркелген жапониялық Хаю Киносита/Вакана Сонобені 6:4, 2:6, 10:7 есебімен ұтты.

1/4 финалда Қазақстан-Беларусь дуэті Juniors Australian Open жарысының екінші ракеткалары —  британиялық Минге Сю/Ханна Клугманмен шеберлік байқасады.

Өкінішке қарай, Әмір Омарханов Juniors Australian Open турнирінің жұптық сайысында ширек финалға өте алмады. Ол Оңтүстіккореялық Чанджун Киммен бірге екінші айналымда жеңіліп қалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін