Қазақстандық хоккейшілер жасөспірімдер олимпиадасының жартылай финалына шықты

Сурет: Нұрғали Жұмағазы
Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы (3х3) Оңтүстік Кореяның Гангвон қаласында өтіп жатқан 2024 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шешуші кездесуде жас хоккейшілеріміз Ұлыбритания құрамасын 22:13 есебімен ұтты. Бұл жеңіс Қазақстан құрамасына топта төртінші орын алып, хоккей турнирінің жартылай финалына шығуға мүмкіндік берді.

Енді Қазақстан жартылай финалда Латвиямен ойнайды. Бұл матч 24 қаңтар күні сағат 09:00-де басталады.

Ал Қазақстан құрамасы медальдық есепте көш бастап келе жатқан үздік 10 команданың қатарынан шығып қалды. Төртінші ойын күнінен кейін біздің спортшылар бір алтын және бір қола медальмен жалпы есепте 14-орында тұр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты