Елена Рыбакина Абу-Дабидегі WTA 500 турнирінің финалында ойнайды

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабиде өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалында Людмила Самсонованы жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рыбакина осыған дейін ресейлік қарсыласымен WTA деңгейіндегі турнирлерде төрт рет кездесіп, оның бәрінде жеңілген еді.  Қазақстандық теннисші ақыры бұл жағымсыз статистиканы бұзып, осы турнирдің бірінші ракеткасы екенін дәлелдеді.

Керек десеңіз, Елена бірінші сетте қарсыласын 25 минутта "тас-талқан етті" – 6:0. Екінші партияда 1:4 есебімен ұтылып жатқан еді, кейінірек қуып жеткенімен, бірақ соңында қарсыласы басымырақ түсті – 4:6. Елена ойынның шешуші, үшінші сетінде тізгінді қолына алып, сетті 6:2 жеңіп, матчты түйіндеді.

Енді Елена Рыбакина бүгін, 11 ақпанда турнирдің финалында ресейлік тағы бір теннисші, әлемнің 14-ракеткасы Дарья Касаткинамен ойнайды. Ол жартылай финалда бразилиялық Беатрис Хаддад Майяны 6: 3, 4 :6, 7:6 есебімен жеңді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты