Елена Рыбакина бүгін Дохадағы турнирдің ширек финалында ойнайды

Сурет: ktf.kz
Елена Рыбакина Доха (Қатар) WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 23-орында тұрған америкалық, 22 жастағы Эмма Наварромен шеберлік байқасты. Бірінші партияда Рыбакина 5:0 есебімен алға кетіп, бет қаратпады – 6:1.

Керісінше тартысты өрбіген екінші сетте тай-брейкте Наварроның асығы алшысынан түсті – 7:6 (8:6).

Үшінші, шешуші партияда Елена брейк жасап, 4:2 есебімен алға шықты. Ақыры осы басымдылығынан танған жоқ – 6:4.

Екі сағат 10 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық спортшы 10 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың алтауын мүлт жіберген жоқ.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 38-ракеткасы, 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының финалисі, канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі. Бұл матч Астана уақытымен бүгін сағат шамамен 19:45-те басталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз