Дмитрий Попко АҚШ-та тағы бір турнирдің жеңімпазы атанды

Сурет: ktf.kz
Дмитрий Попко Наплес (АҚШ) ITF турнирінің жеңімпазы атанды. Қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 649-орында тұрған эквадорлық Андрес Андрадемен чемпиондық атақ үшін сынға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Попко жуырда Палм-Коуст қаласындағы дәл осындай жарыстың финалында А.Андрадені (7:5, 1:6, 7:5) ұтқан еді.

Бұл жолы эквадорлық спортшы матчты жақсы бастады – 6:3.

Андраде екінші сетте де 5:1 есебімен алға кетіп, матчқа доп берді. Бұдан кейін Дмитрий қатарынан бес геймді алды. Содан кейін тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:4).

Үшінші, шешуші партияда Попко 2:0, 3:1 есебімен алға кеткенімен, басымдығын сақтай алмады – 3:3. Тағы бір брейк жасап, есепті 5:3-ке жеткізіп, матчқа доп бергенімен, сол мүмкіндігін пайдаланбады. Дегенмен ойынды брейкпен тәмамдай алды – 6:4.

Тартысты өткен финалдық бәсеке үш сағатқа жуық уақытқа созылды.

Осылайша, Дмитрий Попко АҚШ-тың Флорида штатында қатарынан үш жарыстың чемпионы болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз