Париж Олимпиадасына арналған киім формасының дизайнына ашық конкурс жарияланды

Сурет: flickr
Париждегі жазғы Олимпиадаға арналған Қазақстан ұлттық құрамасының киім формасы мен оған қосымша керек-жарақ жабдықтардың дизайн тұжырымдамасын әзірлеуге арналған ашық конкурс жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Киімдер салтанатты рәсімге және жаттығуға арналған жұптан тұрады. Конкурс кезінде келіп түскен жұмыстарды арнайы комиссия құрамы қарап, ортақ шешім қабылдайды. Жұмыс тобының қатарына Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, Қазақстан спортшылары одағының өкілдері, даңқты спортшылар мен БАҚ қызметкерлері кіреді. Бұл тізімде Елдос Сметов, Серік Сәпиев, Азамат Дәулетбеков, Жәмила Бақбергенова, Ольга Рыпакова, Әбиба Әбужақынова, Анна Алябьева, Нұрбек Оралбай, Нұрсұлтан Тұрсыновтар бар. Комиссия төрағасы – Спортты дамыту дирекциясының директоры Ерлан Естек.

Конкурс екі кезеңге созылады және әрбір кезең жеңімпазы ереже шарттарына сәйкес, комиссия отырысында анықталады.

Конкурс кезеңдері:

Конкурсқа қатысушыларға түсіндіру жұмысына және жалпы конкурс өткізуге ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру комитеті Спортты дамыту дирекциясының Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы Ержан Өмірзақұлы Асқаров жауапты. Барлық ақпаратты төмендегі сілтемелер арқылы ала аласыздар.

Конкурс ережесі мен комиссия құрама мына жерде.

ҰОК командасының киім формасына қатысты бірыңғай нұсқаулық мына жерде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді