Дмитрий Попко қатарынан бесінші рет ITF турнирінің финалына шықты

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Бразилияның Ресифе қаласында өтіп жатқан турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол жартылай финалда жергілікті теннисші Матеуш Алвешпен кездесті. Дмитрий қарсыласын үш сетте 6:4, 4:6, 6:1 есебімен жеңді.

Попко бұған дейін Аргентинаның Тукуман қаласында өткен турнирде финалға дейін жетті. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты матч өтпей қалды. Нәтижесінде ұпай екі финалистке бөлініп берді.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы қазір жеке сын бойынша ATP рейтингінде 276-орында тұр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз