Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатының іріктеуіне қатысып жатыр

Сурет: ktf.kz
Кучингте (Малайзия) World Junior Tennis Competition 14& under Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің матчтары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеребе қорытындысына сәйкес 14 жасқа дейінгілер арасында Қазақстан қыздар құрамасы В тобына түсті.

Онда Иран, Малайзия және Индонезия командаларымен ойнайды. 

Аталмыш бәсекеде Қазақстан намысын мына спортшылар қорғап жатыр: Найля Баймахан, ⁠Екатерина Кирюшенко және Медина Өтепберген. Команда капитаны — Марат Шәріпов.

Қазақстан құрамасы бүгін алғашқы матчында Индонезияға 1:2 есебімен жол берді. 

Медина Өтепберген Путри Хансадан 5:7, 1:6 есебімен ұтылса, Найля Баймахан Курниаван Эмелиден басым түсті — 2:6, 6:2, 6:2. 

Шешуші, жұптық сында Баймахан — Кирюшенко/Путри — Эмелиден айласын асыра алмады — 2:6, 6:7 (2:7).

Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне барлығы 16 команда қатысуда. Олар төрт топқа бөлінген. Плей-офф бәсекесіне әр топтан екі құрамадан шығып, командалық әлем чемпионатының жолдамасын сарапқа салады. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы