Қазақстан командасы семсерлесуден Париж Олимпиадасының жолдамасын ұтып алды

Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
Шпагамен семсерлесуден Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде Қазақстанның ерлер командасы Париж Олимпиадасының жолдамасын ұтып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл бәсекедегі Қазақстанның басты қарсыласы саналған Оңтүстік Корея 1/8 финалда Чехия құрамасына жол беріп, Қазақстан командасынан 26 ұпайға қалып қойды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Осылайша, семсерлесуден Қазақстан құрамасы өз тарихында тұңғыш рет командалық сында Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. Әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша, алғашқы төрт орында тұрған команда Олимпиадаға тікелей жолдама алады. Жапония сол төрттік қатарында Парижге бару мүмкіндігін алған соң, Азиядағы жалғыз лицензияға Қазақстан мен Оңтүстік Корея таласқан болатын. 

Тбилисидегі шешуші сында Эльмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай мен Вадим Шарлаимов төрттігі Олимпиадаға лицензия иеленді. Әлемдік ереже бойынша, командалық сында бір, жекелей сында үш жолдама Қазақстан қоржынына түсті. 

 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз