Қазақстан спортшысы фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды

Сурет: olympic.kz
Итальяның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласында өтіп жатқан фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Анастасия Городко чемпион атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, 18 жастағы қазақстандық спортшы фристайл-могулдан әйелдер арасындағы бәсекеде топ жарды. Ол 71.89 ұпаймен жеңіске жетті.

Екінші және үшінші орынды жапондық спортшылар Ито Марин (71.35) мен Юго Тагучи (69.96) өзара бөлісті. 

Бұл Анастасия Городконың ауыр жарақаттан кейін қол жеткізген алғашқы жеңісі. Сондай-ақ, ол аталған спорт түрінен екінші чемпиондығын атап өтуде. 

2022 жылы Городко параллельді могулдан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған еді. 

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз