Фристайл-могулдан Италияда өтіп жатқан жарыста отандасымыз тағы бір медаль жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Фристайл-могулдан Италияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында отандасымыз Анастасия Городко өзінің екінші медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комиетінің хабарлауынша, спортшы параллельді могулдан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 

Финалда ол америкалық Кайл Кариотиске есе жіберді. 

Осылайша, Городко осыдан екі жыл бұрынғы жетістігін тағы қайталап, әлем чемпионатында алған жүлделер санын төртке жеткізді. 

2022 жылғы чемпионатта қазақстандық спортшы параллельді могулдан алтын, жекелей сында күміс медаль алған еді. 

Айта кетсек, бір күн бұрын Итальяның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласында өтіп жатқан фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Анастасия Городко чемпион атанғанын хабарлаған болатынбыз. Спортшының осы жарыстағы бұл екінші жүлдесі екенін нақтылай кетелік.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін