ҚР құрамасының Париж олимпидасына арналған киімнің дизайны комиссияға ұнамай қалды

Сурет: ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру комитеті баспасөз қызметі
Париждегі жазғы олимпиадаға арналған ұлттық құраманың киім формасы мен қосымша керек-жарақ жабдықтардың дизайн тұжырымдамасын әзірлеуге арналған конкурс қайтадан жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Туризм және спорт министрлігінің ақпаратынша, осыған дейінгі ақпан айында басталған конкурста қатысушылардың ешбір эскизі комиссия мүшелерінің көңілінен шықпауына байланысты Комиссия 1-ші конкурсты өтпеді деп шешім шығарған.

"Киімдер ту ұстаушылар, салтанатты рәсім мен жаттығуға арналған жұптан тұрады. Конкурс кезінде келіп түскен жұмыстарды арнайы комиссия құрамы қарап, ортақ шешім қабылдайды. Жұмыс тобының қатарына Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, Қазақстан спортшылары одағының өкілдері, даңқты спортшыларымыз бен БАҚ қызметкерлері кіреді."ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру комитеті баспасөз қызметі

Конкурс екі кезеңге созылады және әрбір кезең жеңімпазы ереже шарттарына сәйкес комиссия отырысында анықталады.

Конкурс кезеңдері:

Конкурсқа қатысушыларға түсіндіру жұмысына және жалпы конкурс өткізуге ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру комитеті Спортты дамыту дирекциясының Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы Ержан Асқаров жауапты.

Бұған дейін, жазғы Олимпиада биыл 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Париж ареналарында өтетіні хабарланған болатын.

Франциядағы жазғы Олимпиадаға әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады, онда спорттың 32 түрі бойынша 329 медаль жиынтығы ойналады. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 20 түріне қатысуды жоспарлап отыр. Әзірге Қазақстан спортшылары жазғы ойындарға 31 лицензия алғаны белгілі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды