Михаил Кукушкин Ролан Гаррос турнирі іріктеу сайысының жартылай финалында ойнайды

Сурет: ktf.kz
Бүгін, 22 мамырда қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Ролан Гаррос турнирі іріктеу сайысының екінші айналымында ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Франция ашық чемпионатында көптен бері өнер көрсетіп келе жатқан 36 жастағы қазақстандық теннисшінің іріктеу сайыстарының ширек финалында әлемнің 151-ракеткасы, швейцариялық Леандро Ридимен жолы түйісті. 

Тәжірибесі мол Кукушкин сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта көп қинала қойған жоқ — 6:4, 6:3.

Бүгін Михаил Кукушкин іріктеу турнирінің финалына шығу үшін әлемнің 215-ракеткасы, Аустралия өкілі Ли Тумен таласады.

Ол дүниежүзілік рейтингіде өзінен он саты жоғары тұрған ұлыбританиялық Оливер Кроуфордты тартысты матчта тізе бүктірді — 6:7 (4:7), 6:4, 6:2. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі