"Ролан Гаррос – 2024": Рыбакина мен Путинцеваның алғашқы қарсыластары анықталды

Сурет: Jimmie48 Photography, WTA
Әйелдер арасындағы Франция ашық чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтті. Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваның бірінші айналымдағы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакинаның турнирдің алғашқы айналымындағы қарсыласы бельгиялық теннисші Грет Миннен (86 WTA) болды.

Қазақстанның екінші, әлемнің 37-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы кездесуін 2017 жылғы US Open чемпионы, америкалық теннисші Слоан Стивенске (35 WTA) қарсы өткізеді.

Әлемнің бірінші ракеткасы, турнирдің қазіргі чемпионы, польшалық Ига Швентек бірінші айналымда іріктеудің жеңімпазымен ойнайды. Әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенко (Беларусь) ресейлік Эрика Андреевамен кездеседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды