Бублик пен Шевченконың "Ролан Гаррос" турниріндегі алғашқы қарсыластары белгілі болды

Сурет: ktf.kz
Ерлер арасындағы 2024 жылғы Франция ашық чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтті. Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Александр Шевченконың бірінші айналымдағы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның ең үздік теннисшісі Александр Бублик (19 ATP) алғашқы кездесуін іріктеу кезеңінің жеңімпазына немесе лаки-лузерге қарсы өткізеді.

Еліміздің екінші ракеткасы Александр Шевченко (61 ATP) алғашқы матчта Ресей өкілі Аслан Карацевпен (82 ATP) кездеседі.

Бұған дейін Михаил Кукушкиннің "Ролан Гаррос" турнирі іріктеу сайыстарының финалына өткенін жазған едік.

Еске салайық, қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваның бірінші айналымдағы қарсыластары белгілі болған еді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді