Боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиада квотасына бір қадам жақындады

Сурет: Оlympic.kz
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Мұхамедсабыр Базарбайұлы Таиландта өтіп жатқан іріктеу турнирінің келесі айналымына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, 63,5 келіде жолдамаға таласып жатқан ол италиялық Джанлуиджи Малангамен кездесті. Кездесу аса  тартысты өтіп, төрешілер шешімімен Базарбайұлы жеңіске жетті. Бұл - оның осымен үшінші жекпе-жегі.

Осылайша, ол Олимпиада квотасына бір қадам жақындады.

Айта кетелік, Қазақстан ерлер командасында бір салмақта Олимпиада жолдамасы жоқ.

Олимпиада лицензиясы сарапқа салынып жатқан іріктеу турнирін Мұхамедсабыр Базарбайұлы жеңіспен бастаған еді. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты