Назым Қызайбай да бокстан Олимпиада жолдамасын иеленді

Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан құрамасының үздіктерінің бірі Назым Қызайбай Париж Олимпиадасына жолдама ұтып алды, деп жазады Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, 50 келі салмақта бақ сынаған Назым шешуші айқаста Солтүстік Корея спортшысынан басым түсті.

Айта кетейік, бұл Назымның алғашқы Олимпиадасы болмақ. 

Айта кетсек, бұған дейін Олимпиада жолдамасын сегіз боксшымыз ұтып алған. Олар - Қамшыбек Қоңкабаев, Асланбек Шымбергенов, Махмұд Сабырхан, Айбек және Нұрбек Оралбай, Сәкен Бибосынов және Карина Ибрагимова. Сондай-ақ Валентина Хальзова 75 келіде жолдама иеленген болатын.

Бүгін Олимпиада жолдамасына Мұхаммедсабыр Базарбайұлы да таласатын болады. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз