Қазақстандық шахматтан әлем чемпионы атанды

Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Қазыбек Нөгербек 13 маусымда Делиде (Үндістан) өткен шахматшылар арасындағы 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының ақпаратынша, отандасымыз классикалық шахматтан 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинады.

"Қазір Қазыбектің FIDE рейтингі 2501. Еске сала кетейік, Нөгербек осыдан 2 жыл бұрын Грекияда өткен 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлем чемпионатында рапид пен блицте жеңімпаз атанған",- делінген ведомство ақпаратында.

Биылғы чемпионатта 44 мемлекеттен 226 шахматшы сынға түсіп жатыр.

Қазақстан
Атамқұлов Бейбіт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек