Анна Данилина WTA-250 турнирінің жартылай финалына шықты

Сурет: ҚТФ баспасөз қызметі
Будапештте (Мажарстан) өтіп жатқан WTA 250 турнирінің ширек финалында жұптық сында қазақстандық теннисші Анна Данилина сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анна Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева ширек финалда германиялық Лена Пападакис – америкалық Джесси Эней жұбымен шеберлік байқасып, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу 1 сағат 15 минутқа созылды. Данилина – Хромачеваның жартылай финалдағы қарсыластары кейінірек белгілі болады.

Мұның алдында Анна Данилина мен Ирина Хромачева Анастасия Децюк (Чехия) пен Бибиана Схуфс (Нидерланд) жұбын 6:2, 6:1 есебімен  айқын жеңген болатын. 

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды