Рэпер Снуп Догг Парижде Олимпиада алауын алып жүрді

Сурет: Х/SnoopDogg
52 жастағы америкалық рэпер Снуп Догг 2024 жылы 26 шілдеде жазғы Олимпиаданың басталуы қарсаңында Париж маңындағы Сен-Дени қалашығындағы "Стад де Франс" стадионының жанынан Олимпиада алауын алып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өнер иесі оқиға орнынан түсірілген суретті Instagram-дағы жеке парақшасында жариялады.

"Алау сенімді қолда", – деп жазды ол сурет сипаттамасына.

Жанкүйерлердің бір легі бұған өз таңданысын білдірсе, ал тағы біреулер  музыкант қатысып жатқандықтан ғана Олимпиадаға қызығушылық таныта бастағанын атап өтіпті. Олимпиаданың ашылу салтанаты 26 шілде, жұма күні өтеді. Ал ойындар 11 тамызға дейін өз жалғастығын табады. Бұған дейін Францияда апатқа байланысты 800 мың жолаушы вокзалдарда түнеуге мәжбүр болғаны хабарланған. Олимпиаданың ашылу салтанаты болған күні қасақана өрт қою орын алып, бірқатар теміржол желілері істен шықты.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз