Анна Данилина Румынияда өткен турнирде топ жарды

Сурет: ҚТФ баспасөз қызметі
Бүгіндері Яссы қаласында (Румыния) WTA 250 турнирі өтіп жатыр. Қазақстан теннисшісі Анна Данилина турнирдің финалында жұптық сында өнер көрсетті , деп хабарлайды Zakon.kz.

Шешуші матчта қазақстандық теннисші ресейлік Ирина Хромачевамен бірге ресейлік Александра Панова – Яна Сизикова жұбын тізе бүктіріп, бас жүлдені иеленді. Есеп: 6:4, 6:2.

1 сағат 17 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық жұп 13 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жібермеді.

Қарсыластары 1 эйс, 2 брейкпен шектелді.

Бұл - Аннаның WTA турнирлеріндегі жұптық сындағы сегізінші олжасы. Бұған дейін ол Сиднейде (WTA500), Оклендте (WTA 250), Гамбургте (WTA 250), Варшавада (WTA 250), Гданьскіде (WTA 250) және Италияда өткен 125 санатындағы екі турнирде жеңіске жеткен.

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

18 шілдеден бастап тауарлар мен қызметтерге берілетін тұтынушылық несиелерді рәсімдеу тәртібі өзгереді

Тоқаев Қазақстанның Қырғызстанда жаңадан тағайындалған елшісін қабылдады

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы