Париж-2024: Стенд атудан Дмитриенко финалдан сырт қалды

Сурет: ҰОК
"Трап" бағдарламасы бойынша іріктеудің алғашқы күнінде Дмитриенко төртінші орыннан көрінген болатын. Алайда, екінші іріктеу кезеңінде отандасымыз финалға шыққан алтылыққа іліне алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Стенд атудан Париж Олимпиадасында бақ сынап жатқан Мария Дмитриенко финалдан сырт қалды. Жарыстың екінші айналымда ол 120 ұпаймен 10-шы сатыға орналасты.

Ал финалдық кезеңге іріктеу қорытындысы бойынша алғашқы алтылыққа енген мергендер ғана жолдама алды. 

Аралық нәтиже бойынша, испаниялық Мар Мольне 123 ұпаймен көш бастап тұр. Финал 31 шілдеде кешке өтеді.

31 шілдеде Қазақстан құрамасының өкілдері тағы үш спорт түрінен өнер көрсетеді, атап айтқанда, спорттық гимнастикадан (көпсайыс) финалда Милад Карими (басталуы – 18:30-да) өнер көрсетеді. Каримиден жарты сағат бұрын Кирилл Герасименко үстел теннисінен жарыста өз шеберлігін танытады. Ол мысырлық Омар Ассарға қарсы ойын өрнегін көрсетеді. Жарыс күнін боксшы Валентина Халзова (75 кг) қорытындылайды, ол 1 тамызға қараған түні Панама өкілі Атейна Билонмен (00:36) жұдырық түйістіреді.

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды