Париж-2024: Герасименко үстел теннисінен ширек финалда сүрінді

Сурет: ҰОК
Үстел теннисінен Қазақстан командасының үздігі Кирилл Герасименко Париж Олимпиадасының ширек финалында сүрінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Олимпиаданың ширек финалында Герасименко Мысыр өкілі Омар Ассармен кездесті. 

Алғашқы екі сетте Герасименко 11:8, 11:6 есебімен қарсыласын оңай жеңді. Үшінші кезеңді мысырлық теннисші өте қарқынды бастап, қара үзіп кеткен болатын. 

Десе де, Герасименко есеп айырмасын қысқартты. Алайда, тап осы сетте жеңіс 12:10 есебімен қарсылас еншісінде бұйырды.

Содан соң, Омар Ассар тағы да белсенділік танытып, 12:10 және 11:9 есебімен жеңісті жұлып алды. Осылайша, 3:2 есебімен жалпы есете алға шықты. 

Ал шешуші сетте Герасименко таразы басын теңестіре алған жоқ. Жеңіс 4:2 есебімен Ассардың еншісінде кетті. 

Айта кетсек, бұған дейін Кирилл Герасименко германиялық Дан Цюді ұтқан болатын. 

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды