Әлемнің бұрынғы алғашқы ракеткасы Рафаэль Надаль Олимпиада ойындарындағы мансабын аяқтады

Сурет: АТР
"Үлкен Дулыға" турнирінің 22 дүркін жеңімпазы, әлемнің бұрынғы алғашқы ракеткасы испандық Рафаэль Надаль Олимпиада ойындарындағы соңғы мачтын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

31 шілдеде екі дүркін Олимпиада чемпионы Надаль 1/4 финалда жерлесі Карлос Алькараспен дуэтте АҚШ-тың тандемі Раджив Рамға және Остин Крайчекке 2:6, 4:6 есебімен есе жіберді.

Кездесу 1 сағат 27 минутқа созылды.

Надаль жекелей сынның бірінші айналымында венгрлік Мартон Фучовичті 6:1, 4:6, 6:4 көрсеткішімен басып озды. Ал екінші айналымда сербтік теннисші Новак Джоковичпен кездесті. Бұл ойында Джокович 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Рафаэль Надаль өзінің Олимпиада ойындарындағы мансабын тәмамдады.

Ол 2008 жылғы Олимпиаданың жекелей сынында "алтынды" жеңіп алған болатын. Ал, 2016 жылы Риодағы жарыс кезінде жұптық ойында Марк Лопеспен бірге бірінші орынды иеленді.

Ал оның жерлесі Алькарас 2024 жылғы Олимпиадада жекелей сында өнер көрсетуді жалғастыруда. Ширек финалда ол американдық Томми Полмен ойнайды.

Бұған дейін Новак Джокович Париждегі ерлер арасындағы жекелей сында екінші ширек финалист болған.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады