Назым Қызайбай: Қазақ қыздары арасындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келген

Сурет: olympic.kz
Париж Олимпиадасында қытайлық У Юге есе жіберген Назым Қызайбай жартылай финалдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

"Әйелдер боксынан қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атану арманым болды. Дзюдошы қыздармен Парижде жолыққанда да соны бір бірімізге тіледік.

Қазір өзіме аса көңілім толып тұрған жоқ. Өйткені алтын алғым келді және жеңуге болатын қарсылас еді. Алайда қытай қызы жекпе жек барысында алдап кетті. Оған қоса менде "Қолаға жеттің, енді алтын алу керек" деген жүктеме тұрғандай болды. Сол кедергі келтіргендей.

Жеңсем де, жеңілсем де қасымнан табылатын отбасыма, достарыма рақмет айтамын!

Жеңісімді маған қолдау көрсеткен көпшілікке арнаймын!", - деді ол.

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Назым Қызайбай ел қоржынына қола медаль салды.

50 келі салмақта сынға түскен Қызайбай жартылай финалда бокстан әлем және Азия ойындарының чемпионы, қытайлық Ву Юге есе жіберді. 

Осылайша, Назым Қызайбай өз мансабында тұңғыш рет, өзі қатысқан алғашқы Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанып отыр. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік