Жібек Құламбаева Польшадағы турнирдің жеңімпазы атанды

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Бытом (Польша) ITF W50 турнирінің жеңімпазы атанды.

Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші италиялық Николь Фосса Уергамен бірге барлығы төрт кездесуді сәтті аяқтады. Қазақстандық-италиялық дуэт финалда доданың 2-ракеткалары, украиналықтар Марина Колб – Надя Колбпен бас жүлдені сарапқа салды.

Жібек Құламбаева – Николь Фосса Уерга 7:6 (8:6), 6:2 есебімен жеңіске жетті. Өскемен қаласында әйелдер арасында ITF W15 турнирі мәресіне жетті. Аталмыш жарыста 18 жастағы қазақстандық теннисші, дүниежүзілік рейтингіде 824-орындағы Соня Жиенбаева табысты өнер көрсетті. Жиенбаева финалға дейін қарсыластарының бәрін қапы қалдырып, сүрінбей жетті. Тек соңғы бәсекеде ғана әлемнің 768-ракеткасы, ресейлік Алиса Кюммельге ғана тартысты матчта есе жіберді – 6:7 (1:6), 3:6. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз