Қазақстандық жасөспірім теннисші Германиядағы турнирде үздік шықты

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық жасөспірім теннисшілер 12 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe жарыстарында жақсы табыстарға қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Германияның Карлсруэ қаласында бірінші санаттағы турнирде Полина Лазаренко жұптық сында чемпион атанды.

Лазаренко болгариялық Рая Петковамен бірге шешуші ойында камбэк жасап, германиялықтар Найле Буи – Дарья Строгалшиковадан басым түсті – 4:6, 7:6, 10:8.

Жекелей сында Полина финалда ғана корт иесі Лиузе Симоға есе жіберді – 3:6, 5:7.

Черногорияда екінші санаттағы осындай додада Ақзере Ерімбет пен Эмилия Старусева финалға дейін жетті. Титул үшін матчта қазақстандықтар ресейлік Полина Кашытсина – украиналық Софья Трибадан ұтылып қалды – 3:6, 4:6.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты