Қайрат Сатжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері болып 54 жастағы Қайрат Сатжанов тағайындалды. Бұл туралы 2024 жылдың 16 тамызында бокс федерацияның баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайрат Тұрсұнқанұлы Сатжанов - Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт үздігі.

Бапкерлік еңбек өтілі - 34 жыл.

2021-2022 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. 2024 жылдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері.

Сәтжановтың жетекшілігімен 2021 жылы Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында (Сербия) II командалық орын (2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль) алды.

2022 жылы Азия чемпионатында (Иордания) ІІ командалық орын (3 алтын, 6 күміс, 3 қола) еншілеген.

2024 жылы Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан командасы I командалық орын (5 алтын, 1 күміс, 3 қола) алды.

"Қайрат Сатжанов жаттықтырушы ретінде 7 әлем чемпионын, 43 Азия чемпионын дайындаған. Қазіргі уақытта жаңа жаттықтырушылар құрамы құрылуда, оның ішінде: шетелдік жаттықтырушы маман, жалпы дене даярлығы бойынша жаттықтырушы, сондай-ақ ғылыми топ мамандары шақырылады", делінген бокс федерациясы хабарламасында.

Сонымен қатар, бас жаттықтырушының жеке шәкірті болмайды деген талап енгізілді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: