Норвегия мен Словенияға қарсы ойындар: Ұлттық құрама сапында кімдер өнер көрсететіні белгілі болды

Сурет: ҚФФ/Алексей Сисенбин
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қыркүйек айында өтетін УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Норвегия (6 қыркүйек) мен Словенияға (9 қыркүйек) қарсы матчтарға шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылы 19 тамызда Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) мәлімет таратты.

Ұлттар лигасы аясындағы Норвегия мен Словенияға қарсы ойындарда өнер көрсететін Қазақстан құрамасының кеңейтілген сапына 36 ойыншы енді.

Нақты тізім шыққанға дейін өзгеріс болуы мүмкін. Айта кетейік, Станислав Черчесов бастаған бапкерлер штабы Максим Самородов пен Сағадат Тұрсынбайдың жарақатынан хабардар. Қазіргі таңда "Ахмат" және "Ордабасы" футбол клубтарының дәрігерлер штабымен тұрақты байланыста. 

Оқу-жаттығу жиыны 1 қыркүйек күні Алматы қаласында басталады. Нақты тізім кейінірек белгілі болды.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы қыркүйек айында УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. 6 қыркүйек күні ұлттық құрама Алматы қаласының Орталық стадионында Норвегияға қарсы ойнайды. Матчтың 19:00-де басталады. 

Үш күннен кейін біздің команда Словенияға қарсы сырт алаңда матч өткізеді. Ойын Любляна қаласында "Стожице" стадионында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен 23:45-те.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы