Мария Бровкова ескек есуден әлем чемпионатының қола жүлдесін еншіледі

Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде есуден олимпиадалық емес қашықтықтардағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны қола медальмен толықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, қазақстандық  спортшы Мария Бровкова бір адамдық каноэмен 500 метрге жарысудан қола жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 02:09.731 минутта бағындырған. 

Алтын және күміс медальді Украина мен Чили атлеттері еншіледі.

Айта кетелік, Бровкова бұған дейін жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған болатын.  Самарқандтағы әлем чемпионатында жалпы есеппен 20 жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатыр. 

Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз