Норвегия мен Словенияға қарсы ойындар: Қазақстан құрамасының нақты тізімі жарияланды

Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қыркүйек айында өтетін Норвегия және Словения құрамаларына қарсы матчтарға шақырылған ойыншыларының нақты тізімін жариялады, деп жазады Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, нақты тізімге 28 футболшы енді. Ұлттық құрама 1 қыркүйек күні Алматыда жиналады.

Айта кетейік, қыркүйек айында Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. Норвегиямен ойын 6 қыркүйекте сағат 19:00-де Алматының Орталық стадионында өтсе, Словенияға қарсы кездесу 9 қыркүйекте Любляна қаласындағы "Стожице" стадионында Астана уақытымен сағат 23:45-ке жоспарланған.

Қақпашылар: Игорь Шацкий ("Ақтөбе"), Александр Заруцкий ("Астана"), Стас Покатилов ("Тобыл"), Темірлан Анарбеков ("Жеңіс");

Қорғаушылар: Сергей Малый ("Ордабасы"), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі де – "Тобыл"), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – "Астана"), Михаил Габышев ("Елімай"), Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Лев Скворцов ("Шинник", Ресей), Талғат Кусяпов ("КАМАЗ", Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы – "Ордабасы"), Рамазан Оразов ("Силькеборг", Дания), Арман Кеңесов ("Ақтөбе"), Бақтияр Зайнутдинов ("Бешикташ", Түркия), Абзал Бейсебеков, Эльхан Астанов (екеуі де – "Астана"), Ислам Чесноков ("Тобыл");

Шабуылшылар: Абат Айымбетов ("Адана Демирспор", Түркия), Айбар Жақсылықов ("Қайсар"), Оралхан Өміртаев (БАТЭ, Беларусь), Рамазан Кәрімов ("Астана");

Қосалқы құрам: Сұлтанбек Астанов, Темірлан Ерланов (екеуі де – "Ордабасы"), Андрей Ульшин ("Қайрат"), Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Исламбек Қуат ("Астана"), Александр Зуев ("Тобыл"), Асхат Балтабеков ("Жетісу"), Ұлар Жақсыбаев ("Қызылжар");

Бапкерлік штаб: Станислав Черчесов – бас бапкер, Владимир Панников – бас бапкердің көмекшісі, Паулино Гранеро – дене даярлығы бапкері, Гинтарас Стауче – қақпашылар бапкері, Эльшад Хинизов – бейнесарапшы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты